Cәлемдесу сөзі
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен!
Ассаламу алейкум құрметті Ағайынды бауырластар!
Қазіргі таңда ИЫҰ елдері ғылым мен білім беруді қолдауды, инновациялық дамытуды жылдамдатудың түрлі тетіктерін жасау бойынша шараларға көп назар аударады. Еуразиялық Инновацияларды Дамыту Қоры (ЕИДҚ) ең басымды тетіктерінің бірі «ақылдардың жылыстауына» жол бермеу, және де ИЫҰ елдері үшін басымды болып танылатын ғылым мен техниканың сол бір бағыттары бойынша жұмыс істеу үшін әлемнің түпкір-түпкірінен жетекші мамандарды тарту үшін, дарынды тұлғаларды іздеу, іріктеу және дамыту және олардың өз елдерінде жұмыс істеуіне мұндай мүмкіндіктерді қамтамасыз етуүшін қолайлы жағдайлар жасау деп санайды.
Бүкіл әлемнен жиналған жетекші мамандардың осындай тәжірибесін Дубай әуежайының үлгісінде байқауға болады, мұнда ойластырған мемлекеттік саясаттың көмегімен қазіргі таңда әлемнің әр түпкірінен келген мыңдаған үздік авиадиспетчерлердің, техник-мамандары мен құрылысшылардың жұмыс істеуі үшін сондай жағдайлар жасалған, жұмыс істеу арқасында ең қысқа мерзімде сол жерде кеше ғана шөл дала болған, ал бүгінде әлемдегі ең ірі әуежайлардың бірі салынып, өз жұмысын сәтті атқарыпжатыр.
Аталған жобаны іске асыру шеңберінде, ЕИДҚ жұмысы мектеп табалдырығынан бастап дарынды, стандартты емес ойлайтын адамдарды іздеу, іріктеу және мамандандырылған оқыту және де олардың өнертапқыштық қасиеттерін терең дамыту үшін ең заманауи білімдерге қолжетімділікті және білімдердің басымды салаларында жетекші мамандармен қарым-қатынастар жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету жолымен қолайлы жағдайларды жасауға бағытталған үлгілі инновациялық орталықтардың желісін құруды ұсынады.
Дубай әуежайын мысалға келтіргендей, инновациялық орталықтарда мұнда әлемнің түпкір-түпкірінен дарынды жастардың ғана емес, сондай-ақ жетекші мамандардың да келуге тырысуы үшін, сондай жағдайлар жасалу қажет. Осындай инновациялық орталықтарды құру күрделі қаржыландыруды талап ететіні сөзсіз, және де бұл үшін тиісті мемлекеттік бағдарламаларды қабылдау керек. Бұдан басқа, мұсылман елдері басқа елдер алдында қосымша артықшылыққа ие болады, себебі оларда жақсы дамығанисламдық қаржыландыру жүйесі бар және оның арқасында табысты мұсылмандар мұсылман әлемін материалдық өркендетуге және рухани және зияткерлік беделін артыруға бағытталған, ғылым мен технологияны дамыту игілігі үшін өзара тиімді негізде (инновациялық қызметтен түскен пайдаға қатысу), сондай-ақ қайырмалдықтар негізінде (садақа) инновациялық орталықтарға қаржылай қолдау көрсете алады.
Заманауи жағдайларда мұндай инновациялық орталықтарды құру қажеттілігі мен жалпы қағидаларының қысқаша сипаты ИЫҰ елдерінің инновациялық әлеуетін дамыту Тұжырымдамасының Тұсаукесерінде және ИЫҰ елдерінің инновациялық орталықтарын құру бойынша Іс-шаралар жоспарында келтірілген, олар ЕИДҚ-мен жеке бастама тәртібінде дайындалып, бұл елдерде инновацияларды дамыту мәселелерімен айналысатын, ИЫҰ елдерінің жеке қорларына және мемлекеттік органдарына қарау үшін жіберілді.ЕИДҚ-ның аталған бастамасы заманауи өркениет дамуының белгілі бір кезеңінде ең жоғары деңгейлерінің бірі болған, мұсылман әлемінде ғылым мен технологиялардың сол бір деңгейін жаңғырту жолын іздеп табу ұмтылыстарының бірі болып табылады.Және де, өкінішке орай, жаңа тарихта бұл жоғалтып алынған. Қазіргі таңда ИЫҰ елдерінде ғылым мен технологиялардың деңгейі Батыс әлемдерінің дамыған елдерінен гөрі әжептәуір артта қалуда.Бұл артта қалушылық мұсылман әлемінің көптеген елдері арасында амандық пен өркендеуге қол жеткізу үшін күрделі кедергілерді жасап қана қоймай, мұсылман елдерінің тұрғындарын бұрынғы орта ғасыр әлемінің тарихында болғандай, озат білімдер мен даналықиеленушілері ретінде емес, заманауи өркениеттің ең соңында сүйретіліп жүрген технологиялық тұрғыданартта қалғанелдердің сауатсыз өкілдері ретінде жиірек қабылдайтынқоршаған адамдардың алдында мұсылмандінінің беделін түсіруде.
Бұдан бөлек, бұл артта қалу, әсіресе,одан әрі қауіпті болады, себебі мұсылман елдерінен шыққан дарынды жастардың Батыстың жетекші ғылыми және технологиялық орталықтарына жылыстауына себептеседі. Бұл ИЫҰ елдерінің инновациялық әлеуетінің қазіргі әлсіреуіне ғана емес, ең перспективті, ғылыми тұрғыдан дарынды адамдар Батысқа көшуіне, себебі олар тек сол жерде ғана өздерінің шығармашыл әлеуетін іске асыра алатындығына байланысты, жалпы білім беру және ғылыми-техникалық деңгейдің бұдан да құлдырауына әкеп соқтырады.
Бірақ, өкінішке орай, олар өздерінің туған елдерінде дарынды адамдардың жаңа ұрпақтарына өз білімдері мен тәжірибесін енді бере алмайды. Сондықтан жылдан жылға бұл технологиялық артта қалушылық тек артатын болады, өйткені дарынды адамдар көшіп, өз әлеуеттерін іске асыру үшін қолайлы жерлерде қалатын болады. Егер де бұл жағдайды жақын арада мұнда жетекші батыс инновациялық орталықтардан гөрі бұдан да үздік жұмыс жағдайлары жасалатын ИЫҰ елдерінің инновациялық орталықтарын құру жолымен өзгертпесе, онда барлық қалған мемлекеттік қолдау шаралары мағынасыз болады, өйткені дарынды адамдардың өздерін іске асыра алатын елдерге көшіп кетуіне байланысты, гранттарды табыстау мен қолдау көрсету үшін адам табылмай қалады. Нәтижесінде, ИЫҰ елдері Батыста әзірленетін жәнеде мұнай, газ және басқа да табиғи ресурстарды айырбастауға ИЫҰ елдеріне дайын жоғары технологиялық өнімдер түрінде (оның ішінде мұсылман әлемінің ең дарынды өкілдерінің еңбектерін пайдалана отырып) сатылатынзаманауи өркениет жетістіктерінің тұтынушы елдерінің деңгейінде қалатын болады.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты, Астанада ислам әлемінің жаңа технологиялары мен инновациялары саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылауы жоспарланатын Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Ғылым мен инновациялар жөніндегі саммитін дайындау шеңберінде, Саммиттің талқыланатын мәселелерінің тізбесіне ИЫҰ елдерінің инновациялық әлеуетін дамыту Тұжырымдамасын әзірлеу шеңберінде ЕИДҚ-мен дайындалған ИЫҰ елдерінің инновациялық орталықтарын құру бойынша Іс-шаралар жоспарын енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Қажет болған жағдайда, Саммитті өткізу шеңберінде ИЫҰ елдерінің инновациялық орталықтарын құру бойынша ұсынылатын Іс-шаралар жоспарын қарастыруға арналған материалдарды әзірлеуге ЕИДҚ қызметкерлері тікелей қатысуға дайын. Бұдан басқа, мұсылман әлемінің амандығы мен беделін көтеруге бағытталған, ұсынылатын ғылым мен технологияларды дамыту жолдарын жетілдіру бойынша пікірлер мен тілектері үшін мұсылман елдеріне бейбітшілік пен өркендеуді шынайы тілейтін барлық бей-жай қарамайтын адамдарға ЕИДҚ алғысын айтады.
Болат Қасымов
8 (777) 663-22-22
8 (778) 663-22-22
info@efid.kz
Astana, Kazakhstan
ИЫҰ елдерінің инновациялық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы
Жалпы тезистер:
1. Барлық кезеңдерде жаңашылдықтың барлығын (музыканы, суреттерді, ғылыми немесе инженерлік жаңалықтарды, және де кез келген өнертабыстар мен инновацияларды болсын) тек қана дарынды, таланты тұлғалар ғана жасаған. Дарынды адамдар өркениетті дамытудың кез келген бағыттарын дамытуды айқындайды. Музыканы композиторлар жазады, өлеңдерді ақындар шығарады, суреттерді суретшілер салады, әндерді әншілер шырқайды және т.б. Қызметтің әрбір түрінде адамзат өркениеті жетістіктерінің жинағына қосылатын шедеврлерді жасау тек жеке-дара, өте дарынды адамдардың қолдарынан келеді. Бірақ композитордың жүздеген жылдар бойы орындалатын өзінің шедеврін жаза алуы үшін композитор дарынына ие болған кішкентай адамды музыкалық сауаттылыққа оқыту, оған оның алдында ұлы композиторлармен шығарылған музыкалық туындыларды тыңдау мүмкіндігін беру қажет. Және де бұл жағдайда ғана дарыны ашылып, адамзаттың адамдардың жүректерін қуантатын тағы да бір әсем әуеннің жарыққа шығуын тамашалай алу ықтималдығы бар. Кез келген қызмет түрі туралы да осылайша айтуға болады. Дарынды адам (композитор, шахматшы, спортшы, әнші, сурет….) өсу үшін, кішкентай балалардың неғұрлым кең тобында жастайынан өздерінің дарындарын дамытуға қол жетімділік мүмкіндігі бар болуы тиіс. Егер де дамыған елдердің көбінде музыканттар, спортшылар, шахматшылар, әншілер және т.б. үшін мұндай жағдайлар жасалған болса да, дарынды өнертапқыштар мен инноваторларды іріктеу мен дамыту үшін мұндай жағдайлар жоқ. Сондықтан дарынды өнертапқышқа өз дарынын дамытуға және ұлы жаңашылдық жасауға мүмкіндік Бах пен Моцартқа музыкалық аспаптарда ойнау мүмкіндігін бермей, олардан музыкалық шедеврлерді күтіп отыру сияқты, соншалықты аз болады. Ал осындай Бах мен Моцарттар қаншалықты екенін әлем біле алмады, себебі олар кедей отбасыларында дүниеге келіп, музыкалық білім алуға қолжетімділігі болған емес. Сол сияқты, егер Капабланканың немесе Алехиннің балалық шағында шахматқа қолжетімділік болмаған болса, олардың әлемге танымал болатындары шамалы.
3. Сөйтіп, аталған жағдайда табыстылықтың барлық құраушылары көрсетіледі:
– дарынды бала,
- мұнда ол өз дарынын көрсете алған балалар клубында футболды ойнау мүмкіндігі,
– әлемдік клубтардың біріне түсіп, өзін көрсете білуі,
– клуб акционерлерімен Еуропаға көшу мен тұруды және қымбат тұратын емделуді ықтималды болашақ табыстардың есебіне қаржыландыру,
– үздік жаттықтырушылардың жетекшілігінде дарынды клубтастармен бірге ойын ойнау.
Егер де бұл құраушылардың біреуін ғана алып тастаса, әлем Мессидің Барселонада көрсеткен ойынын көре алатын ба еді.
Тұжырымдама және іс-қимыл жоспарын жүктеу
Сопроводительная записка к программе жүктеу
Программа дополнительных мер по модернизации водоснабжения и водоотведения РК жүктеу
Приложения к программе жүктеу
Жаналықтар жане БАҚ :
ЕИДҚ қоры Қазақстан Республикасының сумен жабдықтау және су тазалау жүйелерін жаңғырту бойынша қосымша шаралар бағдарламасын әзірлеп және 2019 жылғы 28 мамырда Ақордаға, ҚР Президенті К-Ж. К. Токаевтың атына жіберілді.
Сауд Арабия Патшалығының грантына біздің компания салған Семей қаласындағы балалар тубдиспансердің пайдалануға тапсыру туралы Хабар арнасындағы репортаж
Бизнес және инновациялар-2013 халықаралық ғылыми- практикалық конференция туралы 24kz телеарнасындағы репортаж
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-мен Меморандумға қол қоюы туралы Қазахстан телеарнасындағы репортаж
Біздің компания шығаратын "Алатау" тіркемелі тырмасы туралы Қазақстан арнасындағы репортаж
Күмбезді технологиясымен салынған үйлер және тазартқыш ғимараттар құру зауыты туралы 24kz телеарнадағы репортаждар